Accessibility links

Сәрсенбі күні Брюссель әуе жайында 1994-інші жылы Аргентинадағы террористік қастандыққа қатысы бар деген айып бойынша Иран дипломаты С.Баджбан қамауға алынды.


БРЮССЕЛЬ: Сәрсенбі күні Брюссель әуе жайында 1994-інші жылы Аргентинадағы террористік қастандыққа қатысы бар деген айып бойынша Иран дипломаты Сахиет Баджбан қамауға алынды. С.Баджбан – Буэнос-Айрес қаласындағы еврей орталығында болған жарылыстың себеп-салдарын тергеу шеңберінде аргентиналық судьяның Интерпол арқылы берген ордері негізінде тұтқындалды. Әлгі террористік қастандықтың нәтижесінде 85 кісі құрбан болды. Бірақ Бельгия сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлағандай, Сахиет Баджбан, полицияға өзінің дипломатиялық иммунитетін дәлелдейтін құжаттарын көрсеткен соң, көп кешікпей босатылған. Жуырда ғана дәл сондай айып бойынша Лондонда Иранның Аргентинадағы бұрынғы елшісі ұсталған болатын.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG