Accessibility links

Бүгін Қытай астанасында Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы бойынша көп жақты келіссөздердің екінші күні басталады.


ПЕКИН: Бүгін Қытай астанасында Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы бойынша көп жақты келіссөздердің екінші күні басталады. Қытай, АҚШ, Ресей, Солтүстік және Оңтүстік Кәрей және Жапония делегациялары Кәрей Халық Демократиялық Республикасының ядролық бағдарламасын қайта бастау туралы шешім қабылдауына байланысты осыдан 10 ай бұрын туған проблеманы шешудің жолдарын өзара талдауда. Ресей делегациясының жетекшісі, сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Лосюков атап көрсеткендей, өзінің ядролық мекемелерін тексеруге келісім берудің алдында Пхеньян Вашингтоннан өзінің қауіпсіздігіне кепілдік беруін тағы да талап етіп отыр. Тілшілердің хабарлауынша, АҚШ Солтүстік Кәреймен арада бір-біріне соққы бермеу туралы пактіге қол қоюға әлі дайын емес, бірақ өзіне онша көп міндет артпайтын келісімге келуден аулақ емес көрінеді.
XS
SM
MD
LG