Accessibility links

Ирақтың солтүстігінде АҚШ әскері Саддам Хусеиннің жақтастарын жою мақсатындағы ауқымды шарасын жүзеге асыруда.


БАҒДАД: Ирақтың солтүстігінде АҚШ әскері Саддам Хусеиннің жақтастарын жою мақсатындағы ауқымды шарасын жүзеге асыруда. Өткен 2 аптаның ішінде АҚШ әскері 55 рет барлауға шығып, 400-ге жуық кісіні тұтқынға алды, олардың ішінде С.Хусеиннің үзеңгілестері, Баас партиясының белсенділері және биліктен құлатылған режимнің қарулы құрамаларының мүшелері де бар. Сәрсенбі күні Ирақта 2 АҚШ жауынгері қаза болды. Тағы бірі адасқан оқ тиіп мерт болды. Сәрсенбі күні халықаралық қайырымдылық Оксфам ұйымы, қауіпсіздік мақсатында, Ирақтан өзінің барлық қызметкерін алып кету туралы ұйғарымға келді. Одан бұрын Ирақтағы жұмысын уақытша тоқтаттанын Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры жариялады.
XS
SM
MD
LG