Accessibility links

Ресей президенті В.Путин Беларуссия президенті А.Лукашенкоға орыс рублін беларусь жерінде қолдану туралы келісімге ертерек қол қоюды ресми түрде ұсынды.


МӘСКЕУ: Бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Беларуссия президенті Александр Лукашенкоға орыс рублін беларусь жерінде қолдану туралы келісімге ертерек қол қоюды ресми түрде ұсынды. Дәл осы күні А.Лукашенко Беларуссияда Ресей рублін енгізуді – одан бұрын қол жеткен келісімдермен, атап айтқанда Ресей мен Беларуссия одағы мемлекетінің Конституциялық актін қабылдаумен байланыстыру қажет деп мәлімдеді. Витебскі облысында сөйлеген сөзінде беларусь президентінің атап көрсеткеніндей, егер Беларуссия орыс ақшасына көшетін болса, онда, оның өз сөзімен айтқанда, ол екінші қатардағы мемлекеттің кебін киетін болады.
XS
SM
MD
LG