Accessibility links

Израильдің бірнеше танкі мен шынжыр табанды тракторы Һаза аумағына басып кірді.


ТАЯУ ШЫҒЫС: ТАЯУ ШЫҒЫС: Израильдік әскери тікұшақтардың Һаза аумағында бір мезгілде әуе берген соққысынан экстремистік “Хамас” тобының белсендісі Хамди Калаһ қаза болды, тағы 4 кісі жарақат алды. Әлгі әуе соққысы Һаза аумағындағы Хан-Юнис қаласында бейсенбі күні кешкісін болды. Израильдік қауіпсіздік қызметінің есептеуінше, Хамди Калаһтың Израиль қоныстарын зымырандармен атқылауға қатысы болды. Палестинадағы экстремистік “Хамас” тобының Израильдегі Ашкелон қаласына зымырандық соққы беруінің артынша, бейсенбі күні Израильдің бірнеше танкі мен шынжыр табанды тракторы Һаза аумағына басып кірді. Зымырандық соққы Ашкелонға болар-болмас нұқсан келтірді. Премьер-министрі Ариэль Шарон ондай шабуылдарды болдырмау үшін қажетті барлық шараны қабылдау туралы Израиль армиясына дереу нұсқау берді.
XS
SM
MD
LG