Accessibility links

Мәскеудің Басман соты “Менатеп” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы әрі “ЮКОС” мұнай корпорациясы иелерінің бірі П.Лебедевті қамауда ұстау мерзімін 2 айға ұзарту туралы шешім қабылдады.


МӘСКЕУ: Бейсенбі күні Мәскеудің Басман соты “Менатеп” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы әрі “ЮКОС” мұнай корпорациясы иелерінің бірі Платон Лебедевті қамауда ұстау мерзімін 2 айға – 30-ыншы қазанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Ресейдің Бас прокуратурасы Платон Лебедевтің қылмыстық ісін тергеуді 22-інші тамызда толық аяқтады. П.Лебедев пен оның адвокаттары осы күні істің материалдарымен танысуда. П.Лебедевке – 1994-інші жылы “Апатит” компаниясы акцияларының мемлекеттік бумасын ұрлады, алааяқтық жасады және салық төлеуден жалратды деген айыптар тағылуда.
XS
SM
MD
LG