Accessibility links

Ирақта 1 британ жауынгері қаза болып, коалициялық күштердің 9 жауынгері және АҚШ-тың 4 жауынгері түрлі жарақат алды.


БАҒДАД: Бейсенбі күні Ирақта 1 британ жауынгері қаза болып, коалициялық күштердің 9 жауынгері жараланды. Елдің оңтүстігінде қарулы ирақтықтармен атыс кезінде тағы 1 британ жауынгер оққа ұшып, екіншісі жараланды. Киркук қаласы төңірегінде болған тұтқиыл шабуылдың нәтижесінде АҚШ-тың 4 жауынгері түрлі жарақат алды.Басқа 4 АҚШ жауынгері американ әскері күзетіп тұрған Әл-Фаллуджа қаласындағы көпірдің астына қойылған қопарғыштың жарылысынан жараланды. Бейсенбі күні Ирақтағы АҚШ әскерінің бас қолбасшысы генерал Рикардо Санчестің бейсенбі күні мәлімдегеніндей, Ираққа қосымшща әскер алдырудың ешбір қажеті жоқ. Генералдың атап көрсетуінше, коалициялық күштер шешуге мінддетті басты мақсат – анық барлау мәліметтерін жинау, Ирақтың жаңа қауіпсіздік қызметтерін құру және жергілікті халықпен арадағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
XS
SM
MD
LG