Accessibility links

Грек соты орыс қаржы алпауыты Гусинскийді тұтқыннан босатты.


Афина. Грек соты орыс қаржы алпауыты Владимир Гусинскийді кепілдікке 100 мың доллар алып тұтқыннан босатуға шешім қабылдады. 250 миллион долларды қымқырды деп тауып Ресей Гусинскийге интерпол арқылы іздеу салып отырғанда оны грек полициясы өткен аптада Афина әуежайынан аттанғалы тұрған жерінде тұтқындаған болатын. Кезінде Ресейдің тәуелсіз НТВ телеарнасының иесі болған Гусинский өзіне қарсы Ресей жағы таққан айып саяси астарға негізделген деп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG