Accessibility links

Хамаз Израильден кек қайтаруға серт берді.


Газа қаласы. Палестинаның Хамаз қарулы тобының әскери басшылығы тікұшақпен шабуылдап осы ұйымның бір мүшесін өлтірген Израильден кек қайтарамыз деп серт етті. Кеше Газа қаласында опат болған Хамди Калах үшін кек қайтару онша ұзақ күттірмейді деді Хамаз басшылығы. Израиль радиосының айтуынша өлтірілген Хамди Калах өлер алдында Газа қаласындағы еврей тұрғындарына бомбалық шабуылды дайындаған кәсіби террорист болған. Израиль тікұшағының Калахты өлтіруі Хамаз атқан зымыран Израильдың Ашкелон қаласына барып түскеннен кейін орын алды.Ол зымыраннан кісі шығыны болмаған.
XS
SM
MD
LG