Accessibility links

Бежинде Солтүстік Корея бойынша алтыжақты келіссөз аяқталды.


Бежинг. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша өтіп жатқан алты жақты кездесу бүгін аяқталды. Келесі кездесу араға екі ай салып жалғаспақ. Қытай жағының мәлімдеуінше келіссөзде ашық пікір алмасулар болған. Алайда, Солтүстік Корея жағы АҚШ жағы өз ұстанымын өзгертуден бас тартып жанжалды реттеуді қиындатып жіберді дейді. Солтүстік Корея ең алдымен ҚШ-нан өз елінің қауіпсіздігіне кепілдеме беруді талап етті. Ал, ҚШ болса Солтүстік Корея алдымен ядролық бағдарламасын тоқтатсын дейді. РЕЕК "Біз Солтүстік Корея ядролық қару бағдарламасының толық та, бекітілген, әрі қайта қаралмайтындай етіп жойылуына шұғыл назар аударып отырмыз" деді АҚШ мемлекеттік департментінің өкілі Филипп Рикер. Алтыжақты келіссөзге қатысқан өзге елдер атап айтқан да Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония бұл жанжал қалайда бейбіт жолмен шешілуі керек деген қорытындыға келді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG