Accessibility links

Тамыздың 30-ы Қазақстан Республикасы Конституциясы күні


Осыдан 8 жыл бұрын, яғни 1995 жылы ел Конституциясы қабылданған болатын.

Атаулы күн қарсаңында “Азаттық” радиосына берген сұхбатында Қазақстанның Конституциялық кеңесінің мүшесі Қабылсаят Әбішев мырза, 8 жыл ішіндегі республика жеткен жетістіктердің бәрін осы конституциямен байланыстыруға болатындығын айтты.

- Себебі бірінші рет мемлекетіміздің билік тұғырын қалыптастырып, оның қандай мемлекет болатындығының келбетін қалыптастырған Конституция болатын. Конституцияда айтылған еркін экономика, меншіктің иегерлігінің бостандығы, сөз бостандығы, адамның өз бостандығы оыс жасалған жағдайлардың барлығы адамдардың ішкі мүмкіндігін ашып, жағдайымыздың көтерілуінің бірден-бір себебі құқылық базамыздың дұрыс болып, Конституцияның мемлекетке дұрыс жұмыс істеуіне байланысты болғаны айдан анық мәселе.

Бұған дейінгі қабылданған конституция декларация болатын болса, 1993 жылғы Конституция әлі де болса кеңестік дәуірдің психологиясы халықтың жүрегінде қалған екі ұшты Конституция болды.

Бұл Конституциямен бүгінгідей еркін жолға шығуға болмайтын еді.


Қабылсаят Әбішевтің айтуынша, Конституцияның жетістігі, оның адамдарға еркіндік беруінде.

- Конституцияның жеке нормалары әр заңдарда ашылып отырады. Биыл жер туралы заңды қабылдадық. Конституцияда жерді заңның рұқсатымен сатуға болатындығы айтылған.

Қазақстанда мемлекеттік басқару тетіктері қалыптасып бітті. Конституцияның маңызы да осында,-дейді Конституциялық Кеңестің мүшесі Қабылсаят Әбішев.

Тоқсаныншы жылдағыдай әр билік бір биліктің билігіне таласып, бірін-бірі қайталудың бәрі қазір тоқтады.

Қабылсаят Әбішев, заң жүзінде бәрі іске асырылғанмен, іс жүзінде іске аспай жатқан жайттар бар, ол уақыт үлесіндегі дүние дейді.

Ол конституцияда мемлекеттік тіл қазақ тілі деп жазылғанмен, іс жүзінде ол болмай отырғандығын айтты.
XS
SM
MD
LG