Accessibility links

Кеше Ирақтың Нажаф қаласындағы мешітке болған шабуылдан 80 адам опат болды.


Бағдад. Халықаралық қауымдастық кешегі Нажаф қаласында болған бомбалық шабуылды айыптауда. Опат болғандар арасында шиит мұсылмандарының дін басы аятолла Мохаммад Бакр Ал-Хаким бар. Ал-Хаким Ирақ Ислам төңкерісінің жетекшісі болған. Имам Али мешіті сыртында жұма намазы аяқталған тұста машинада қопарылған бомбадан 80-нен астам кісі опат болып 100 қаралы кісі жарақаттанған. Бұл шабуылға жауапкершілікті әлі еш ұйым мойынына алған жоқ. Опат болған шиит мұсылмандарының дін басы 20 жыл Иранда босқында болған аятолла Ал-Хаким Саддам Хусейн режиміне қарсы күрескен негізгі тұлғалардың бірі. Ирақ Ислам Төңкерісінің өкілі бұл бұл шабуылға төмендегідей баға берді:

"Менің ойымша бұл шабуылдың сыртында Саддам Хусейнге адал топтар тұр. Олар аятолланы аңдығалы көп болған. Олар аятолланың отбасы мүшелерінің талайын тұтқындаған. Бауырын өлтірген"

ҚШ президенті Джордж Буш Ирақтағы ҚШ әскеріне Ирақ басшыларымен тізе қоса отырып қылмыскерлерді табуға бұйрық берді.

Бүгін Нажаф қаласында бірнеше мың кісі қатысқан шеру өтті. Шерушілер Ал-Хаким үшін кек қайтаруға серт етті. Сондай-ақ олар анти-американдық та ұрандар көтерді.
XS
SM
MD
LG