Accessibility links

“Биыл 241 мың оқушы бірінші сыныпқа барады”

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Соңғы жылдары әртүрлі реформаларды бастан өткерген білім саласында бүгінде жаңалықтар аз емес.

Кейінгі кезеңдері мектептің аздығы оқушылардың бірінеше аусымда оқуын мәжбүр етуде. Алайда, бұл мәселе біртіндеп шешілетінге ұқсайды.

Білім және Ғылым министрлігі баспасөз қызметінің маманы Жәния Тапалова республикалық бюджет қаржысы есебінен мектептердің салынып жатқандығын айтты.

Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен 27 мектеп салынуда. Оған жұмсалатын қаржы 4 млрд. теңгені құрайды. Ал, жергілікті бюджет есебінен 79 нысан салынып жатыр. Ал, демеушілік көмек бойынша Жамбыл облысында 3 мектеп салынуда.

Ал, 8 мыңнан аса мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жаңа оқу жылына министрлік тарапынан жан-жақты дайындық жасалып жатқан көрінеді.

8095 жалпы білім беретін күндізгі жалпы мектеп бар. Биылғы жылы бірінші сыныпқа 241,3 мың бүлдіршін барады деп күтілуде.

Оқушы білімінің сапасын көтеру, ұстаз біліктілігіне байланысты екені анық. Бұл орайда республика көлемінде оннан аса біліктілік арттыру институттары жұмыс істейді.

Республика бойынша 11 біліктілік институт жұмыс істейді. Олар Атырау, Маңғыстау, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және басқа да блыстарда орналасқан.

Жалпы мұғалімдердің саны 270 500 адамды құрайды. Педогоикалық мамандардың қажеттілігі туындап отыр. Ол 3 мың адамды құрайды. Негізінен информатика, физика, химия, шет тілі мамандықтары бойынша көп сұранысқа ие. Әсіресе, ауыл мектептерінде шет тілі пәнінің мамандары тапшы.


Мектептерді компьтерлендіру жайы да білім саласы үшін маңызды іс.

Бұл 8196 мектепті қамтиды. Оның 6182-сі ауылдық мектеп. Ал, 4219-ы шағын коплектілі мектептер. Интернетке қосылған мектептер 1411. Оның 602-сі ауылдық мектеп. 2002-ші жылы 12 электрондық оқулық жасалып шығарылды., 6-шы сыныпқа дейінгілер толық жаңа оқулықпен қамтылды. 2003-2004 жылдар аралығында 7 сынып оқулықтары дайындалуда.

Орта есппен алғанда оқулықпен қамту республика бойынша 90 пайызды құрайды.


Оқулықтарды сатып алуды жергілікті атқарушы органдар іске асыруда. 2003-2004 оқу жылына республика бойынша 2,6 миллиард теңге қаржы бөлінген.
XS
SM
MD
LG