Accessibility links

Ливия жетекшісі Муаммар Қаддафи 1989 жылғы Франциялық жолаушы ұшағының жарылысында құрбан болғандардың отбасыларына Ливияның өтемақы төлейтінін мәлімдеді.


Бұл мәлімдемені Ливия жетекшісі 1969 жылғы өзін билікке алып келген төңкерістің кезекті жылдығын атап өту барысында бүгін теледидар арқылы жасады. Франциялық жолаушы ұшағына орай туындаған проблема шешілді дей келе, Қаддафи Ливияның Батыспен арадағы қарым-қатынастарда жаңа кезңді ашып отырғанын мәлімдеді. 1989 жылы Нигер әуе кеңістігінде болған бұл жолаушы ұшағының апатында 170 адам құрбан болған еді. Франция жарылысқа Ливиялық жансыздардың қатысы бар десе де, Ливия мұндай айыптауларды ешқашан мойынмдаған емес.

Едіге Мағауин

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG