Accessibility links

Ауғаныстанның оңтүстік шығысында Пәкістанмен шекаралас аймақта жексенбі күні қарулы топпен болған шайқаста екі американ әскері жарақат алып, сәлден кейін мерт болды.


Американ Орталық Басқармасының мәлімдемесінде қарулы топ американ әскерлеріне шабуылдағаны, бұл шайқаста тағы бір американ жауынгері жараланғаны хабарланып отыр. Шабуылдаушы жақтан төрт адам мерт болған. Американ Орталық Басқармасының мәлімдемесінде шабуыл жасағандардың нендей қарулы топ болғаны айтылмаған. Бұған дейін мұндай шайқастар үшін жауапкершілік Талибан, Әл Қаида, яки бұрынғы Ауған үкімет басы Гүлбүддин Хекматярға берілген жасақтардың мойнына асылып келген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG