Accessibility links

Израилдықтар мен палестиндықтар арасындағы қақтығыстар демалыс күні одан әрі жалғасты.


Палестиндықтардың қарулы Хамас тобы Газа алқабындағы израилдік жүк мәшинесін жүргізушіге қарсы оқ атылу мен оны жарақаттау оқиғасы үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Хамас таратқан мәлімдемеде бұл Израил тарапынан Хамас мүшелеріне қарсы ұйымдастырылып отырған шабуылдар үшін кек алу операциясының бір бөлігі делінген. Израилдің мұндай соңғы шабуылы сенбі күні болған еді. Палестін Ақпарат министрі Нәбил Әмір Израилдің соңғы шабуылы бейбіт келіссөздерді тығырыққа тіреді деп мәлімдеді. Бұл екі арада, Израилде сапармен жүрген Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша жетекшісі Хавиер Солана Израилдің Еуропа Одағы Палестин жетекшісі Ясир Арафатпен арадағы байланыстарды тоқтатсын деген талабын кері қақты. Солана израилдықтар мен палестиндықтардың жол картасы атты бейбіт жоспарды жүзеге асыруға барынша тырысуы керек екенін ескертті. Палестин Сыртқы істер министрі Нәбил Шаас Палестин әкімшілігінің жол картасына бар ықласын бөліп отырғанын, алайда оны жүзеге асыру үшін халықаралық қауымдастықтың жәрдемі керек болып тұрғанын мәлімдеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG