Accessibility links

Аты жер жарған “Битлз” тобының мүшесі сэр Пол Маккартнидің қызы Шорландияда ұзатылып, тойы болды.


ҰЛЫ БРИТАНИЯ: Шотландияда аты жер жарған “Битлз” тобының мүшесі Пол Маккартнидің қызы ұзатылып, тойы болып өтті. Стелла Маккартни - Алистер Уиллис деген баспагерге күйеуге шықты. Тойға шақырылғандардың арасында атақты әнші Мадоннна, топ-модель Кейт Мосс, Голливуд жұлдызы Лив Тайлер, музыкашы Крис Мартин, Гуччи сән-үйінің директоры Том Форд және т.б. болды. Қалыңдықтың әкесі Пол Маккартнидің өзі тойға тоқалымен бірге Нью-Йорктен ұшып келді.
XS
SM
MD
LG