Accessibility links

АҚШ-тың әскери теңізшілері ән-Наджаф қаласында кем дегенде қыркүйектің ортасына дейін қалады.


ӘН-НАДЖАФ: АҚШ-тың теңіздік жаяу әскері ән-Наджаф қаласында кем дегенде қыркүйектің ортасына дейін қалады. Ирақтағы АҚШ әскерінің орталық басқармасы осындай бұйрық беріп отыр. Өйткені аталған ауданды Польшаның бақылауына беру мәселесі кейінге қалдырылды. Поляк қорғаныс министрлігі өкілінің хабарлауынша, оның есесіне Ирақтың оңтүстігіндегі басқа өлкелер Польша бастаған халықаралық күштердің бақылауына, алдын-ала жоспарланғандай, 3-інші қыркүйекте көшеді. Халықаралық күштердің құрамына 20 елдің әскери бөлімдері кіреді.
XS
SM
MD
LG