Accessibility links

Самара облысындағы Октябрьск қаласының жанында сенбі күні өрт шыққан “Виктория” атаулы мұнай танкеріндегі оттың жалыны басылды.


САМАРА: Самара облысындағы Октябрьск қаласының жанында сенбі күні өрт шыққан “Виктория” атаулы мұнай танкеріндегі оттың жалыны басылды. Өрт кезінде 1 теңізші қаза болып, 2 өрт сөндіруші отқа күйіп, ауыр жарақат алды. Өрттен келген шығын 5 млн. АҚШ долларына бағаланып отыр. Танкерге 2 мың тонна мұнай шикізаты тиілген көрінеді. Суға төгілген мұнайды залалсыздандыруға 92 дана техника мен 470 адам атсалысуда. Октябрьск қаласының үстін қалың қара түтін қаптаған. Бастапқы ақпарға сәйкес, әлгі танкермен мұнай тасымалдауға рұқсат берілмеген болып шықты.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG