Accessibility links

Иерусалимдегі 20 адамның қазасына себеп болған тамыз айындағы террористік қастандықтан кейін Израиль премьер-министрі А.Шарон өзінің үкіметі экстремистерге қарсы аяусыз соғыс жүргізеді деп мәлімдеуде.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Израильдің әскери тікұшағы Һаза қаласының маңайыда бір автокөлікті зымырандармен атқылады. Нәтижесінде “Хамас” тобының бір жетекшісі құрбан болып, 20 палестиндік жараланды. Соңғы 2 аптада Һаза аумағында Израиль әскері осындай 6 соққы беріп, экстремистік топтардың 6 жасағын өлтірді. Иерусалимдегі 20 адамның қазасына себеп болған тамыз айындағы террористік қастандықты “Хамас” және “Ислам джиһады” топтарының өз жауапкершілігіне алған соң, Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон өзінің үкіметі экстремистерге қарсы аяусыз соғыс жүргізеді деп мәлімдеді. Еуропалық Одақ басшылығының мүшесі Хавьер Соланамен дүйсенбіге белгіленген кездесуінен А.Шаронмен бас тартты. Израиль премьер-министрінің кеңсесінен хабарланғандай, А.Шаронның мазасы болмай қалған көрінеді.
XS
SM
MD
LG