Accessibility links

“Әл-Джазира” телеарнасы биліктен құлатылған Ирақ диктаторы Саддам Хусеиннің дауысына ұқсас таспаға жазылған Үндеуді таратты.


ДОҺА: Қатар араб мемлекетінде орналасқан “Әл-Джазира” телеарнасы биліктен құлатылған Ирақ диктаторы Саддам Хусеиннің дауысына ұқсаған таспаға жазылған Үндеуді таратты. Ирақтағы шеит-мұсылмандарының рухани көсемі аятолла Муһаммад Бәкір әл-Хакім мен тағы 120 кісі өткен жұма күні ән-Наджаф қаласында болған террористік қастандықтың құрбаны болды. Дүйсенбі күні Ирақ халқы аятолламен қоштасты. Бағдадтан шыққан бірнеше мыңдық шеру Кербалаға дейін жетіп, енді аятолла әл-Хакім бүгін, сейсенбіде жерленуге тиісті ән-Наджаф қаласына қарай беттеп келеді.
XS
SM
MD
LG