Accessibility links

Басқа мемлекеттердің қысымы доғарылатын болса, өзінің ядролық нысандарын халықаралық инспекцияның қосымша тексеруіне беруге Иран дайын.


ТЕҺРАН: Егер басқа мемлекеттер өзіне қысым көрсетуін доғаратын болса, өзінің ядролық нысандарын халықаралық инспекцияның қосымша тексеруіне келісім беруге Иран дайын. Ресми Теһран осылай деп мәлімдейді. Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи атап көрсеткендей, атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің сарапшыларына Иранның атомдық мекемелерінен сынақ алуға мұрсат беруімен Иран өзінің ықыласын көрсетіп отыр. МАГАТЭ-нің жабық баяндамасында БҰҰ-ының инспекторларымен Иранның жақын ынтымақтастыққа барғаны атап көрсетіледі. Алайда оның ядролық бір мекемесінен қару жасауға қажетті байытылған уран қалдығының аңғарылуы – қосымша сауалдар туғызып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG