Accessibility links

Прагада Еуропалық Одақ мүшелігіне кандидат елдер мен Еуроодақтың бірқатар мүше-мемлекеті еуропалық конституцияның жобасын талдасты.


ПРАГА: Дүйсенбі күні Чехия астанасында Еуропалық Одақ мүшелігіне кандидат елдер мен Еуроодақтың бірқатар мүше-мемлекеті еуропалық конституцияның жобасын талдасты. Өзара бірлесіп қабылдаған мәлімдемесінде талдауға қатысқан 15 мемлекет конституцияның кейбір бабын өзгертуге шақырды. Атап айтқанда, олар Еуропа комиссиясында әрбір мүше мемлекеттің өкілі болғанын ұсынуда. Оған қоса шағын елдер өз құзырларын кеңейту қажет деп есептейді. Прага қаласындағы кездесуге Чехия, Мажарстан, Польша, Словакия, Словения, Балтық теңізі жағалауы мен Скандинавия түбегі мемлекеттері,сондай-ақ Ирландия, Португалия, Аустрия және Грекия қатысты.
XS
SM
MD
LG