Accessibility links

Баренц теңізінде су астына батқан ресейлік К-159 атомдық сүңгуір қайығын су бетіне келесі жылы көтеретін сияқты.


МӘСКЕУ: Өткен сенбі күні Баренц теңізінде су астына батқан ресейлік К-159 атомдық сүңгуір қайығын су бетіне келесі жылы көтеретін сияқты. Ол жайында ИТАР-ТАСС агенттігіне Солтүстік әскери теңіз флотының баспасөз-қызметінің бастығы Владимр Навроцкий хабарлады. Оның айтуынша, апат болған аудандағы радиацияның мөлшері нормадан аспайды. Солтүстік флоттың арнайы кемелері сол аймақтағы қоршаған ортаның ахуалын үнемі бақылауда. Ресейлім атом энергиясы министрлігі сарапшыларының мәлімдеуінше, әскери флоттың жарағынан шығарылған К-159 сүңгуір қайығының ядролық реакторы қатер төндірмейді. Әлгі атомдық сүңгуір қайық су бетімен Полярный портына басқа кеме сүйреп келе жатқан кезінде батып кетті. Кемеде болған 10 теңізшінің біреуі ғана аман қалып, қалғандары су астына кетті.
XS
SM
MD
LG