Accessibility links

“Албандардың ұлттық армиясы” атты астыртын экстремистік топ Македония үкіметіне ультиматум - үзілді-кесілді ескерту жолдады.


СКОПИЕ: “Албандардың ұлттық армиясы” атты астыртын экстремистік топ Македония үкіметіне бір тәуліктің ішінде негізінен албандар қоныстанған Куманово қаласы ауданынан армия мен полиция бөлімдерін алып кету жөнінде ультиматум - яғни үзілді-кесілді ескерту жолдады. Қарулы албан ұлтшылдарын ұстау мақсатында үкімет Македонияның солтүстігіне армия мен полицияның қосымша бөлімдерін шоғырландырған болатын. Македония үкіметі албан ұлтшылдарын террористік қастандықтар ұйымдастырып, 2 полицайды байлап алып кетті деп айыптауда. Куманово қаласының аумағынан соғыс қимылдары шығады деп сескенген жүздеген халық беті ауға жаққа кетіп үлгерді.
XS
SM
MD
LG