Accessibility links

Индонезиядағы сот экстремистік “Джемаа Исламия” тобының бұрынғы көсемі Әбу Бәкір Баширге 19 кісінің өліміне себеп болған өткен жылғы террористік қастандықтарға атсалысты деген айып бойынша бүгін үкім шығарады.


ДЖАКАРТА: Бүгін Индонезиядағы сот экстремистік “Джемаа Исламия” тобының бұрынғы көсемі Әбу Бәкір Баширге 19 кісінің өліміне себеп болған өткен жылғы террористік қастандықтарға атсалысты деген айып бойынша үкім шығарады. Өзінің әсіре көзқарастарымен кең танылған белгілі ислам насихатшысына, сондай-ақ, Индонезия президенті Мегавати Сукарнопутриді өлтіру мақсатындағы қастандықты ұйымдастырды деген айып тағылуда. Прокурорлардың пікірі бойынша, Әбу Бәкір Башир мен оның сыбайластарының басты мақсаты – Индонезияда фундаменталистік саяси режим орнату болған. 65 жастағы Баширдің 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылуы ықтимал. Оның өзі тағылған айыптардың бірін де мойындамайды.
XS
SM
MD
LG