Accessibility links

Астанада концерттік зал бой көтермек


5 жылдан кейін Астанада 2 мың 500 көрерменге лайықталған концерттік зал бой көтермек

Осы мәселеге байланысты «АстанаБасжоспар» мемлекеттік кәсіпорнында халықаралық сәулетшілер академиясының президенті Георгий Стойловтың жетекшілігімен кыркүйектің 1-інде мемерандум өткізілді. Онда бас қосқандар концерт залының ең үздік жобасына жарияланған байқауға қатысатын Халықаралық сәулетшілер академиясының 5 маманының жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Қазақ ақпарат агенттігі.

2 жарым мың адамға есептелген концерттік зал болашақта Есілдің сол жағалауында бой көтеретін болады. Тамыз айының 15-інде құрылыс жобасын дайындауды бастаған Халықаралық сәулетшілер академиясының 5 сәулетшісі бұл жұмысты қараша айының соңына дейін аяқтап шығуы тиіс. Бұл байқауда германиялық, франциялық, италиялық, мальталық ең үздік сәулетшілер өздерінің арнайы алып келген көрнекті туындыларын көрсетті.

Қойылған басты талаптардың бірі құрылыс жобасы әлемдік дәрежедегі бірегей, қайталанбас туынды болуы қажет. Әзірге тәжірибелері аз болғандықтан бұл жолғы конкурсқа қазақстандық сәулетшілер қатыса алмай отыр.

Байқауға түскен сәулетшілердің жұмысын 5 адамнан тұратын әділ-қазылар алқасы саралайтын болады. Оның үшеуі шетелдік сәулетшілер болса, екеуі қазақстандық. Кейін үздік деп танылған, болашақ концерттік залдың үлгісі Қазақстан Басшысының назарына ұсынылады. Жоба мақұлданса, концерт сарайының құрылысы 5 жыл ішінде салынып бітеді, дейді сәулетшілер.
XS
SM
MD
LG