Accessibility links

Индонезия соты бүгін Джамах Исламия қарулы тобының рухани көсемі Абу Бәкір Баширге үкім шығармақ.


Жакарта. Жакарта соты бүгін Джамах Исламия қарулы тобының рухани көсемі Абу Бәкір Баширге үкім шығармақ. Баширді қолдайтын жүздеген кісі сот ғимараты сыртында жиылып оған қолдау көрсетуде. Полиция сот үйін қоршап тұр. Башир іште отырып өз қолдаушыларын тыныштық сақтап арандатуға жол бермеуге шақырды. Абу Бәкір Башир осыдан үш жыл бұрынғы 19 кісінің ажалына жеткен шіркеуге шабуыл үшін және кәзіргі Индонезия президенті Мегавати Сукарнопутриді өлтіруді жоспарлағаны үшін сотталып отыр. Өкімет Абу Бәкір Баширді елдегі бекзаттық өкіметті құлатып оның орнына ислам мемлекетін құрмақ ниетте деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG