Accessibility links

Бүгін Ирақта болатын аятолла Ал-Хакимның жаназасына орай қауіпсіздік шаралары күшейтілді.


Нажаф. Жұма күні бомбалық шабуылдан опат болған Ирақ шииттерінің дін басы Аятолла Ал–Хакимнің бүгін Ирақ қаласы Нажафта болатын жаназасына орай бұ қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Үш күн ұдай аятолланың табыты, ішінде Кербала, Бағдад қалалары да бар, шииттердің киелі орындарына апарылды. Бүгін марқұм аятолланың табытын көтерген ондаған мың шеру Куфа қаласынан шығып Нажаф қаласына келеді. Жұма күні 80 кісімен қоса аятолла Ал-Хаким опат болған Нажафтағы бомбалық шабуылды кім ұйымдастырғаны әлі белгісіз күйде қалып отыр. Бұл террориистік әрекетке қатысы бар деп күдік тудырған 5 кісі тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG