Accessibility links

Һонгконг пен Қытайдың оңтүстік жағалауы үстінен соңғы бірнеше жыл ішіндегі ең қуатты “Дуцзюань” тайфун дауылы соғып тұр.


ПЕКИН: Һонгконг пен Қытайдың оңтүстік жағалауы үстінен соңғы бірнеше жыл ішіндегі ең қуатты “Дуцзюань” тайфун дауылы соғып тұр. Дүлей дауыл сағатына 160 шақырым жылдамдықпен соғуда. Қытайдың Гуандун провинциясы мен Һонгконгтегі теңіз толқыны 10 балдық өлшем бойынша 9 балға жетті деп бағалануда. Теңіз бетімен жүк тасымалдау және балық аулау кәсібі толық доғарылды. Мектептер мен әуе жайлар жабылды. Жергілікті өкімет қауіпсіздікті сақтау мақсатында халықты үйлерінен шықпауға шақыруда.
XS
SM
MD
LG