Accessibility links

“Евро” аумағына кіретін елдердегі экономикалық ахуалдың нашарлауына жол бермес үшін, Европалық Комиссия Франсиядан келесі жыл бюджетінің тапшылығын қысқартуды талап етуде.


БРЮССЕЛЬ: Ортақ европалық валюта – “евро” аумағына кіретін елдердегі экономикалық ахуалдың нашарлауына жол бермес үшін, Еуропалық Комиссия Франсиядан келесі жыл бюджетінің тапшылығын қысқартуды талап етуде. Франсия үкіметі, өз кезегінде, үстіміздегі жыл бюджетінің тапшылығы белгіленген шектен 1 пайыз асып, 4 пайызға жеткенін мойындады. Алдағы қазан айының басына қарай франсұз үкіметі Еврокомиссияның назарына мемлекеттік қаржыны оңтайландыру шараларының жинағын ұсынуға тиіс. Франсия мен Германия осымен екінші жыл қатарынан бюджет тапшылығы проблемасына душар болуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG