Accessibility links

Ирақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге түрік әскері де тартылуы мүмкін.


Анкара. НАТО әскерінің Еуропа бойынша бас қолбасшысы американдық генерал Джеимс Джонс бүгін Түркие әскерінің қолбасшысы генерал Хилми Өзкокпен және Түркие қорғаныс министрі Вегди Гонулмен кездеспек. Кездесуде түрік әскерін Ираққа кіргізу мәселесі қаралмақ. Америка генералы Джонс өз елінің түрік әскерінің Ирақ қауіпсіздігіне үлес қосуын қалап отырғанын мәлімдеді. Дүйсенбі күні Түркие үкімет басы Режеп Тайып Ердоған түрік әскерін Ираққа кіргізу тек парламенттің шешімінен кейін ғана яғни қыркүйектің 22-нен кейін белгілі болады деген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG