Accessibility links

Орыстілді журналистер қазақ тілін оқуға кірісті


Астананың орыстілді 60 журналисі қала әкімдігі жанындағы «Руханият» орталығында қазақ тілін үйренуге кірісті.

Бұл орталық 2000 жылдан бері қаладағы түрлі мекемелерде қызмет істейтін мамандарды мемлекеттік тілде оқытумен айналысады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 141 түрлі кәсіп иелері осында қазақша үйреніп шыққан. Тамыз айында «Руханият» орталығы орыс тілді журналистерге мемлекеттік тілді үйрету жайында бастама көтерген болатын. Бір айдың ішінде 60 адам өтініш беріп қыркүйек айының 2-де алғашқы сабақтарын бастады. Аталған орталықтың оқу бөлімінің меңгерушісі Айнұр Маусымбаеваның айтуынша қазақ тілін үйренуге құлшынған бірнеше ұлт өкілдерінен жиналған әріптестеріміздің талаптары жаман емес екен.

Қазіргі күні орталықта 55 топ оқып жатыр. Әр топта 10-15 адамнан. Оларға жоғары білімді 10 оқытушы сабақ береді.
XS
SM
MD
LG