Accessibility links

Ислам даму банкі басқармасының жұмысы аяқталды

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Осыған орай ИДБ президенті Ахмед Мухаммед Әли қорытынды сөз сөйледі.

Осы басқосуды өткізген Қазақстанға өз алғысын білдіре келіп, банк шариғат заңына орай жұмысын жалғастыра береді, деді Мухаммед Әли.

Алайда осы басқосу барысында елді елең еткізе қоярлықтай бәлендей шара қабылданбады. Бұдан былай ИДБ-не төрағалық ету өкілеттігі Қазақстаннан Иранға өтіп, келесі жылғы кеңес Теһранда ұйымдастырылмақ. Осы жолы Өзбекстанның ұйымға қабылдануы үшін орындалыуы тиіс шарттар тәртібі анықталды.

Қазақстанның банілік жарғылық қорындағы 0,7 процент шамасындағы үлесін арттырмақ ойы айтылды. Бұл шараны қуана қолдаймыз, оның қаншалықты мөлшерде артатынын алдағы басқосу барысында талқылаймыз. Жарғылық қордағы үлестің артуы – мемлекет салмағын арттыра түседі, деді банк президенті.

Осы басқосуда ортаға Ислам инвестицияларын көбірек тартумен шұғылданатын қауымдастық құру жөнінде ұсыныс тасталды.
XS
SM
MD
LG