Accessibility links

Батыс жағалаудағы атыста палестиндықтар бір израилдықты өлтірді.


Иерусалем. Батыс жағалаудағы Дженин қаласында палестиндықтар бір израилдықты атып өлтірді. Таяу Шығысты бейбіт реттеуге арналған "жол картасы" жоспары өткен айда израилдықтар палестин жауынгерлерін өлтіре бастағаннан кейін тығырыққа тірелді. Ал, Израил болса Палестина жанкештісі өткен айда Иерусалемде адам толы аутобусты қопарғаннан кейін Палестина жағымен келіссөздерді толық тоқтатты. Бүгін Палестина үкімет басы Махмуд Аббас Палестина парламенті алдында сөз сөйлеп бейбіт жоспарды бұзды деп Израил жағын айыптады. Сондай-ақ Аббас Таяу Шығысты бейбіт қалыпқа келтіруге күш салмай отыр деп Құрама Штаттарын да айыптады. Аббас ҚШ-ын Палестинаның заңды ел басы Ясер Арафатты оқшауламауға шақырды. Ал, ҚШ болса Ясер Арафатты Таяу Шығысты бейбіт реттеуге кедергі деп біледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG