Accessibility links

Құрама Штаттары Ирақты қалыпқа келтіруде БҰҰ-ның жаңа шешімі үшін күрес салып отыр.


Вашингтон. Ираққа бітімгершілік жасақтарымен халықааралық жәрдем енгізуде Құрама Штаттары БҰҰ –ның жаңа шешіміне қолдау көздеуде. Кеше кешкісін ҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел бұл жаңа шешім жобасы бойынша ҚШ Ирақтағы халықаралық жасақтарға басшылық етпек, алайда БҰҰ-ның алдында есеп беріп отыратын болмақ деді.

ҚШ ол біріккен жасақтардың командирі болып қала бермек. Алайда БҰҰ алдында есеп беріп отырмақ деді Колин Пауел. Оның айтуынша шешім жобасы келесі аптада БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің талқылауына беруге дайын. Ал, ҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд болса ҚШ енді Ираққа қосымша әскер кіргізбейді. Өзге елдер Ираққа 10 мыңдай бітімгершілік жасақтарын енгізуі керек деді. Кеше ҚШ әскері Бағдадтың түстігін бақылауды Ирақтағы поляк әскеріне берді.
XS
SM
MD
LG