Accessibility links

Қазақстанның Тәуелсіз бапылаушылар жүйесі президенті баспасөз мәслихатын өткізді


Қырrүйектің 4-і күні Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубінде алдағы болатын мәслихат сайлауына байланысты Қазақстанның Тәуелсіз бапқылаушылар жүйесінің президенті Дос Көшім баспасөз мәслихатын өткізді.

Дос Көшімнің хабарлауынша қыркүйектің 3 і күнгі жағдаймен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстырына арнап мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны мәслихат депутаттығынан үтіткерлердің барлығы бірдей ала алған жоқ. Сондай-ақ сайлауға түсуші үміткерлердің кейбірі сайлау заңын жақсы білмегендіктен заң бұзушылық фактілері орын алып жатыр.

Мысалы, үгіт-насихат қағаздары қанша көлемде, қай жерде басылғандығы анық қанық жазылуы тиісті. Сондай-ақ сайлауға тусуші кімде кім өзінің бүрын қайда кім болып істегендігін ерекше мақтанышпен көп жазуға болмайды – дейді Дос Көшім.

Орталық сайлау коммисиясының күнтізбелік жоспары бойынша кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысы қыркүйектің 18 і күні аяқталуы тиісті.
XS
SM
MD
LG