Accessibility links

Ағылшын Институтының қызметкері Г.Тапп адамның тұлабойын радиотолқындармен және лазер сәулесімен шарлап зерттетін жаңа қондырғы ойлап тапты.


ЛОНДОН: Азық-түлік жөніндегі ағылшын Институтының қызметкері Генри Тапп адамның тұлабойын радиотолқындармен және лазер сәулесімен шарлап зерттеп, майлы еттердің орналасу тәртібін анықтайтын қондырғы ойлап тапты. Кісі денесін әлгі қондырғының сәулесімен зерттеуге 30 секундтан аспайтын уақыт керек көрінеді. Генри Тапптың құрал-ңжабдығы денсаулыққа зиян келтіретін ешбір зиянды сәулені қолданбайды, сондықтан да оны кез-келген жиілікте пайдалануға болады. Ол жөніндегі ақпар “New Scientist” атты Лондонда шығатын апталық ғылыми-ағартушылық журналының интернет-парағында шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG