Accessibility links

Кисловодск-Минералды сулар электр поезының апатынан қаза болғандар бойынша Ресейдің Ставрополь өлкесінде бүгін азнама тұтылады.


СТАВРОПОЛЬ ӨЛКЕСІ: Кисловодск-Минералды сулар қалалары арасында қатынайтын электр поезының апатынан қаза болғандар бойынша Ресейдің Ставрополь өлкесінде бүгін азнама тұтылады. Ресейдің Бас прокуроры Владимир Устиновтің бейсенбі күні хабарлағанындай, террористік қастандыққа қопарғыштардың жаңа түрі қолданылған. Оның айтуынша, Ресей мамандары қопарғыштардың ондай түрін бұрын-соңды көріп-білген емес. Ресми ақпарға сәйкес, сәрсенбі күні болған жарылыстың нәтижесінде 4 кісі мерт болып, 80-ге жуық кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG