Accessibility links

Ақ теңіздегі Онега портында мұнай құйылып жатқан кезде өзен танкерінің қабырғасы сөгіліп, теңізге 50 тонна шикізат төгілді.


РЕСЕЙ: Ақ теңіздегі Онега портында мұнай құйылып жатқан кезде өзен танкерінің қабырғасы сөгіліп, теңізге 50 тонна шикізат төгілді. Экологиялық апат бейсенбі күні ғана мәлім болды, жергілікті тұрғындардың мәлімдеуінше, теңіз портының басшылығы 2-нші қыркүйекте болған апаттың салдарын жасырын түрде жоймақ болған. Су бетіндегі мұнай дағының жалпы аумағы әзірше беймәлім. Бірақ ол аты-шулы Соловецк аралына қарай ағып келе жатқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG