Accessibility links

Сочи қаласының түбінде хабар-ошарсыз жоғалған К-32 тікұшағын іздестіру жұманың таңертеңіне дейін доғарылды.


СОЧИ: Бейсенбі күні Сочи қаласының түбінде хабар-ошарсыз жоғалған К-32 тікұшағын іздестіру бүгінгі таңертеңге дейін доғарылды. Жергілікті өкіметтің хабарлауынша, апат болған аумақта тінту жүргізген құтқарушылардың 2 тобы тастай қараңғы мен ауа райының нашарлауы салдарынан іздеу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Әлгі тікұшақтың ішінде 4 ұшқыш пен 5 жолаушы болған. Жергілікті аспалы жол жұмысшыларының хабарлауынша, тікұшақ таудың шыңына сүрініп төмен құлдырап құлап, өртенген. Онда отырған адамдардың тағдыры беймәлім.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG