Accessibility links

Gibbs Technologies компаниясы Лондон тұрғындарына бірлестірілген спорттық жеңіл мәшине мен жүйрік моторлы қайықтың әлемдегі ең бірінші үлгісін көрсетті.


ЛОНДОН: 3-інші қыркүйекте ағылшындардың Gibbs Technologies компаниясы Лондон тұрғындарына спорттық жеңіл мәшине мен жүйрік моторлы қайықтың бірлестірілген әлемдегі ең бірінші үлгісін көрсетті. Компания басшыларының мәлімдеуінше, суды да, құрлықты да таңдамай жүретін Aquada атаулы автомәшине және амфибия тас жолда сағатына 160 шықырым жылдамдықпен жүріп, тынық суда сағатына 50 шақырымнан асатын жылдамдықпен жүзетін көрінеді. Жаңа мәшиненің құрылысына алдын-ала алынған патенттермен қорғалған 60-қа жуық техникалық жаңалық ендірілген. Aquada мәшинесі саудаға осы жылдың соңына қарай түсетін сияқты, бірақ оның құны 150 мың фунт стерлинг немесе 200 мың долларға дейін бармақ.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG