Accessibility links

Оппозициялық үміткерлерге қарсы шаралар

  • Сәуле ОМАР

Оппозиция қатарындағы мәслихат депутаттығынан үміткерлерге қарсы қолға алынған шаралар одан әрі жалғасуда

5 қыркүйек күні таңертең Алматы қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер ретінде тіркелген «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық бөлімшесінің төрайымы Маржан Аспандиярованың үлкен ұлын Әуезов аудандық ішкі істер қызметкерлері аталған бөлімшеге жеткізген.

Оның себебін нақты ашып айта алмаған Маржан Аспандиярованың пікірінше, бұл оппозиция қатарындағы үміткерлерге қарсы қолға алынған шаралардың кезектісі болуы мүмкін. Маржан Аспандиярованың сөздеріне қарағанда, оның баласына тәртіпсіздік көрсетіп, полиция қызметкерлеріне «бетін тыржитты» деген мазмұндағы айып тағылыпты.

Қазіргі жағдаймен Маржан Аспандиярованың баласы босатылған. Ескерту жасалыпты. « Айтайын дегенім, бір қызығы, полиция қызметкерлері бір топ баланың ішінен тек менің ұлымды ғана ұстап әкетіпті. Осының нәтижесінде, бір күнгі уақытым бос сандалумен өтті. Онымен қоса, оппозиция қатарындағы үміткерлерге қарсы жазылып, таратылып жатқан парақшалардың саны да күн санап көбеймесе, азаятын түрі жоқ. Ал, аймақтық сайлау комиссиясы мұны да тия алмай отыр», дейді Маржан Аспандиярова.
XS
SM
MD
LG