Accessibility links

Ирақ бойынша Құрама Штаттардың Қауіпсіздік Кеңесіне дайындаған жаңа шешімінің жобасы.


БҰҰ. Ирақты қалыпқа келтіру бойынша ҚШ дайындаған жаңа шешім жобасына бүгін Қауіпсіздік Кеңесінде Франция мен Германия қарсы шықты. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі Құрама Штаттары, Ресей, Франция, Британия және Қытай бейсенбі күні жаңа қаулы жобасын талқылады. ҚШ ұсынған қаулы жобасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі Ирақта көпұлтты бітімгершілік жасағын қалыптастыру туралы шешім қабылдауы керек. Алайда ол жасаққа әскери және саяси басшылық ҚШ қолында болуға тиіс. ҚШ –дың бұл ұсынысын Германия канцлері Герхард Шредер мен Франция президенті Жақ Ширақ Дрезденде өткен бас қосуында да сынға алды. Бүгін түсқайта Қауіпсіздік Кеңесі ҚШ ұсынысын тағы да талқыламақ.
XS
SM
MD
LG