Accessibility links

Президенттіктен үміткер демократтар Бушты Ирақ үшін сынға алуда.


Нью Мексика. Америкада алдағы жыл басында басталғалы отырған президенттік сайлау науқанына демократтар атынан 9 үміткер осы Нью Мексика штатында телеайтыс жасады. Олар Ираққа байланысты Буш саясатын сынауда бірінен бірі өтті. Президенттіктен үміткерлердің бірі Вермонт штатының губернаторы Ховард Дин президент Бушты да, оның әкімшілігін де Ирақтың жойқын қаруынан қатер төніп тұр деп Америка халқын қателестірді деді: "Президент бізге Ирақ Африкадан уран сатып алып жатыр деді. Бұл шын болмай шықты. Вице-президент бізге Ирақ атом бомбасына ие болуға сәл қалды деді. Ол да рас болмай шықты." Президенттіктен ұміткерлер сондай-ақ Бушты Ал-Каидамен нәтижесіз күресі үшін және экономикалық саясаты үшін сынға алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG