Accessibility links

Ресейдің Свердлов, Омбы және Новгород облыстарының губернаторларын сайлау заңға сәйкес өтті деп танылды.


РЕСЕЙ: Ресейдің Свердлов, Омбы және Новгород облыстарының губернаторларын сайлау заңға сәйкес өтті деп танылды. Атап айтқанда, Свердлов облысында, заң талабына сәйкес, сайлаушылардың 25 пайызы дауыс беруге қатысқан, Новгород облысында да талапқа сай 20 пайыз сайлаушы келген, ал Омбы облысында сайлауға дауыс берушілердің 37 пайыздан астамы қатысқан. Дауыс беру барысында заңның өрескел бұзылғаны туралы ақпар-дерек түспеген. Сайлаудың бастапқы қорытындылары бүгін, дүйсенбіде таңертең жария етілмек. Свердлов облысынан келіп жеткен алғашқы ақпарға қарағанда, онда сайлаудың екінші турын өткізіге тура келетін сияқты - үміткерлердің бірі де 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаған. Ал Новгород облысында қазіргі губернатор басым дауыспен жеңіске жеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG