Accessibility links

Мойнындағы қарыздарының салдарынан Тбилиси табиғи газдан тапшылық көруде.


ТБИЛИСИ: Мойнындағы қарыздарының салдарынан Грузия астанасы табиғи газдан тапшылық көруде. Тбилисиді көгілдір отынмен қамтамасыз ететін “ТбилГаз” компаниясының техникалық директоры Тенгиз Абшилаваның хабарлауынша, га сатушы “Итера” компаниясы 280 мың доллар көлеміндегі берешегін өтеуді талап етуде. Т.Абшилаваның атап көрсетуінше, болашақта Грузияны газбен ресейлік “Газпром” концерні қамтамасыз ететін болуы керек. Ал “Итера” компаниясы Грузияға Түркіменстаннан сатып алған табиғи газды жеткізіп тұрды.
XS
SM
MD
LG