Accessibility links

АҚШ “Әл-Қаида” ұйымымен ауыз жаласқан “Джемаа Исламия” экстремистік ұйымымен шатысы бар ма деп күдік туғызған малайзиялық 10 азаматтың банктік есеп-шоттары мен авуарларына құлып салды.


ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары “Әл-Қаида” ұйымымен ауыз жаласқан “Джемаа Исламия” экстремистік ұйымымен шатысы бар ма деп күдік туғызған малайзиялық 10 азаматтың банктік есеп-шоттары мен авуарларына құлып салды. Ол адамдардың аты-жөндері АҚШ үкіметінің интернет-парағында жария етілді. Олардың бесеуі Малайзияда қамауда отыр, тағы бірі үстіміздегі жылы Индонезияда ұсталды. “Джемаа Исламия” ұйымының тағы басқа 10 белсендісінің капиталдарын тәркілегені жөнінде Вашингтон өткен жұма күні жариялаған болатын. Олардың басым көпшілігі – индонезиялықтар көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG