Accessibility links

Пәкістанда Банну қаласының жанындағы шағын әуе жайға зымырандық соққы берілді.


ИСЛАМАБАД: Пәкістанда Ауғанстанмен арадағы шекара маңайында орналасқан Банну қаласының жанындағы шағын әуе жайға зымырандық соққы берілді. Пәкістан әскерилерінің хабарлауынша, 3 зымыранның бірі де ешқандай нұқсан келтірмеген. Әлгі шағын әуе жайды тауда бас сауғалаған “Әл-Қаида” жасақтары мен тәліптерге қарсы соққы беру кезінде Пәкістан мен АҚШ-тың әскери ұшақтары пайдалануда. Ауғанстан жетекшісі Хамид Қарзайдың сенбі күні мәлімдегеніндей, Пәкістанның көмегінсіз террористерге тойтарыс беруге Ауғанстанның қауқары жетпейді. Оның пікірінше, террористер Ауғанстанға Пәкістаннан келіп жатыр. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль провинциясында үкімет әскері мен коалициялық күштер тәліп бөлімдеріне қарсы бір аптадан көп уақыт бойы шайқасып жатыр.
XS
SM
MD
LG