Accessibility links

Израильдің сыртқы істер министрі С.Шаломның мәлімдеуінше, Палестинаның ұстамды үкіметінің төрағасы М.Аббастың биліктен кетуіне байланысты Я. Арафатты палестин территориясынан жер аудару керек.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестина автономиясының ұстамды үкіметінің төрағасы Махмуд Аббастың биліктен кетуіне байланысты Ясир Арафатты палестин территориясынан жер аудару керек. Израильдің сыртқы істер министрі Силван Шалом осылай деп мәлімдеуде. Оған қайтарған жауабында Палестина автономиясының сыртқы істер министрі Набиль Шаат, Я.Арафатты жер аудару - бүкіл аймақтағы бейбіт келіссөздердің астан-кестенін шығаратын нәтиже береді деп мәлімдеді. М.Аббастың үкімет басынан кетуі Таяу Шығыс жанжалын басудың халықаралық жоспарын тығырыққа тіреді. Соған байланысты АҚШ - Палестина парламенті М.Аббастың терроризмге қарсы күресу құзырын ұзартады деген үмітін білдіруде. М.Аббастың премьер-министрліктен кетуіне, АҚШ, Ресей және БҰҰ-ымен бірге Таяу Шығыстағы бейбіт үрдіске демеуші болып отырған Еуропа одағы да алаңдаушылық білдіруде.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG